Қызды қақан мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп келе жатқан қызды қағып кеткен мотоцикл жүргізушісін куәгерлер ұстап алып, полиция жеткенше жазасын берді
Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жариялағандай, мопед жүргізушісі қызды қағып кеткенімен қоймай, оқиға орынан ізін суытпақ болған. Алайда бұл оқиғаға куә болған автожүргізушілер оны жан-жағынан қыспаққа алып, тоқтатып алған
Әлеуметтік желіде осы жағдай бейнеленген бейнежазбалар пайда болған. Камера тіркеп алғандай, мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы жаяу жүргінші қағып, қашып бара жатқан жерінен тоқтатып алған. Автокөлік жүргізушілерінің бірі шыдамай, тоқпақтай жөнелген.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, мопед жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ал ол өзін соққыға жыққандардың үстінен шағымданбады.
Следующая →