ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ШҚО ауруханаларына әкелінген құрал-жабдықтарға оң көзқарас танытты
Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Зырян қаласының инсульт орталығына барып қайтты
Заманауи медициналық құрал-жабдықтар қойылған мекеменің ашылғанына көп уақыт болған да жоқ. Ал вице-министр Алексей Цой шығысқазақстандық әріптестерін мекеменің ашылу салтанатымен құттықтап, өз ойын білдірді.
- Біздің ойымызша, Өскемен қаласынан 180 шақырым алыста орналасқан Зырян қаласында ашылған инсульт орталығы триаж-жүйесінің ұйымдасуы жағынан өте орынды құрылған мекеме. Ашылған инсульт орталығы үш ауданның халқын қабылдап, 120 мың адамға қызмет көрсетпек, - деп жазды Алексей Цой әлеуметтік желіде.