Пашинян отставкаға кетеді
Арменияның премьер-министрі Қоғамдық телеарна эфирінде отставкаға кететінін мәлімдеді
Пашинян өткен аптада France 24 телеарнасына берген сұхбатында 16 қазанға дейін отставкаға кететінін мәлімдеген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Пашинян отставкаға кетуі арқылы парламентке мерзімінен бұрын сайлау процедурасын бастамақ.
Парламент фракцияларының мәлімдеуінше, алдағы екі аптада парламент депутаттары жаңа премьер-министрді екі рет сайлай алмай, парламент тарайды да, мерзімінен бұрын сайлау белгіленеді.
17 қазанға Армения үкіметінің кезектен тыс жиыны белгіленген.