Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт өзенге секіріп кетті
Оқиға көпірдің аквапаркке жақын тұсында орын алған
Сағат таңғы 05.00 шамасында Семейдегі аспалы көпірден белгісіз ер адам секіріп кетті. Бұл жөнінде ТЖД мəлімдеді.
Жігіттің өзенге секіргелі тұрған әрекетін жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірінші көрген екен. Дегенмен, оны райынан қайтара алмаған. Көмек қолын ұсынған сәтте, жас жігіт тереңдігі 4-5 метр болатын Ертіс өзеніне қарғып кеткен. Артынша судың бетіне шыққанымен, тәртіп сақшылары одан көз жазып қалыпты. Сондықтан оның жағаға аман шыққаны не сол күйі суға батып кеткені әзірге белгісіз.