Өскеменде дүңгіршек өртеніп, ер адам көз жұмды
Гагарин бульвары бойында тұрған дүңгіршек өртеніп, ішінде 46 жастағы қала тұрғыны қамалып қалған
Өрт кеше кешке сағат алтыларда басталған. Алдымен киоскінің ағаш жақтаулары өртеніп, инвентарь жағы да тұтана бастаған. Ал оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дүңгіршектің ішінен ер адамның мәйітін тауып алған. Ол мұнда етікші болып жұмыс істеген екен.
Қазір Өскемен қаласы ТЖБ өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.