Семей қаласының мопед жүргізушісі қыз баланы қағып кетті
Қағып кетіп қана қоймай, оқиға орнынан із суытпақ болған
Кеше күндіз Семей қаласының Қабанбай көшесі бойында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.
- Әйелді қағып кеткен мопед жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнынан қашып кетпек болып, қайта көлікке отырып алған. Алайда басқа жүргізушілер оны қоршап алып, жібермей қойды, - дейді куәгерлер.
Қазір қыз бала ауруханада жатыр.
Следующая →