Қалада алғашқы спорттық-экологиялық бақ пайда болады
Октябрь аралында спорттың барлық түрімен, тіпті байдаркада есумен, айналысуға болады
ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс орталығында жүргізген рейді барысында Октябрь аралын абаттандыру жұмыстарын келесі жылдың мамыр айының ортасына дейін бітіруді тапсырды.
Уәде етілгендей, болашақ саябақ табиғи ландшафттың максималды деңгейін сақтайды. Сонымен бірге, азаматтар әртүрлі спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жағажай аймағына азық-түлік корттарын шоғырландыруды, автотұрақты кеңейтуді, медициналық нүктені жабдықтауды және автокөліктерді саябаққа кірмеу үшін тосқауыл қоюды тапсырды.
- Біз және біздің балаларымыз қауіпсіз болуы үшін аумаққа кіруге толықтай тыйым салуымыз керек, - деді Даниал Ахметов. - Бұл жер спорттық саябақ болады, сондықтан мұнда спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады. Саябақ SAMAL деп аталатын болады, яғни, Октябрь аралындағы SAMAL саябағы болмақ.