Денсаулық пойызы Шығыс Қазақстанға келді
Заманауи құрылғылармен жабдықталған дөңгелекті емхана облысымызда 11 қазанға дейін болады
"Саламатты Қазахстан" пойызы жыл сайын Шығыс Қазақстанның шет станцияларына келеді. Онда зертхана, рентген, флюорография, ЭКГ, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ, ФГДС, буын УДДГ-сымен жабдықталған.
Тұрғындар бұл пойыздағы тіс дәрігерлері, терапевт, невропатолог, кардиолог, хирург, онколог, функциялық диагностика дәрігерінен тегін тексерістен өте алады.
Жақында ғана бұл пойыз Жарма ауданындағы Суық бұлақ станциясына тоқтаған. Бір күннің ішінде дәрігерлер тексерісінен 120 адам өткен, оның 25-і балалар. Енді пойыз Ермаковка, Огневка, Серебрянск, Бұқтырма, Тұрғысын, Предгорное, Рулихаға барады. Сонымен қатар, Тишин, Черемшанка, Шар станциялары бар.