Иран президенті АҚШ-ты елдегі билікті ауыстырмақ болғаны үшін айыптауда
Иран президенті Хасан Руханидің ойынша, АҚШ ирандық үкіметтің легитимділігін төмендетуге және алдағы уақытта режімді ауыстыруға бағытталған әрекеттерді жасауда
- Жүйе легитимділігін азайту – олардың соңғы мақсаты. Олар айтпақшы, режімді ауыстыру туралы айтқанда режімді ауыстыру үшін не істеу керек? Тек оның легитимділігін азайтпаса, режімді ауыстыру мүмкін емес, - деп мәлімдеді Рухани.
Иран президенті АҚШ өз мақсатына жету үшін Иранға қарсы психологиялық және экономикалық соғыс жүргізетіндігін де атап өтті.
Рухани атап өткендей, АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы бойынша барлығын тегіс қамтитын бірлескен іс-әрекеттер жоспарынан шығып кетті. Вашингтон АҚШ артынан Иран да бұл жоспардан бас тартады деп күткен. Иран президентінің мәлімдеуіше, жоспарда қала отырып, ештеңеден айырылмады және Тегеран кез келген уақытта келісімнен бас тарта алады.