"Өскемен жылу жүйелері" қызметтері туралы телефон арқылы білуге болады
Кәсіпорын ыстық су есептегіш құрылғыларындағы көрсеткіштерді бақылап отыру үшін мобильді қосымша енгізді
Қосымша тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту үшін жасалған.
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ хабарлағандай, енді тұрғындар қарызы туралы ақпаратты, жасалған төлемдер мен ыстық судың сөндірілу кестесін, қысқы маусымға дайындық және мекеменің жұмыс кестесін үйден шықпай-ақ, ұялы телефонға орнатылған қосымша арқылы біле алады.
"ӨЖЖ жеке кабинет" қосымшасын сілтеме арқылы жүктеп алуға болады. Android операциялық жүйесі үшін Google Play Market-те де қолжетімді.