15 қазанға арналған таңғы жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және өзге де басты оқиғалар бойынша жаңалықтар легін ұсынады
фотода Анн Идальго
Париж ратушасына үйсіздерді орналастырмақ
Үйсіздерге орын жетпейтіндіктен Париж мэрі Анн Идальго биліктің муниципалды органдары орналасқан ратуша ғимаратын осы үйсіздерге бөлуді ұсынды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Идальго Journal du Dimanche журналына берген сұхбатында мәлімдегендей, қараша айының аяғынан Отель-де-Виле жүзге жуық әйелді қабылдай алады.
- Париждің қалалық ратушасы үлгі көрсете отырып, үйсіздерді барлық жерге орналастыруға мүмкіндік бар екенін, тіпті Республика сарайынан да орын табылатындығын дәлелдеуі керек, - деп атап өтті мэр.
Ол қазір Прижде үш мыңға жуық үйсіздер бар екенін атап өтті, барлығын бұл мәселені жұмыс шешуге шақырды.
АҚШ Түркиядағы елшілігін жабуды жоспарлады
АҚШ президенті Дональд Трамп пастор Эндрю Брансон тұтқында болғанда Түркиядағы барлық дипломаттарды кері қайтарып алуды ойластырған.
Американың басшысы Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоғанға қатты ашуланған.
Сол себепті Түркиядағы АҚШ елшілігін жабу туралы жоспар ойластырып, ондағы барлық дипломаттарды кері қайтарып алу туралы тапсырма берген.
Алайда АҚШ бас хатшысы Майк Помпео бұл қадам екі ел арасындағы алауыздықты өршітіп жіберетіндігін түсіндіріп, ел көшбасшысын ойынан айныта алған. Мемлекеттік департамент бұл ақпаратты жоққа шығарса, Ақ үй түсінік беруден бас тартты.
Айта кетейік, Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынас мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 2016 жылы пастор Эндрю Брансонды түрік тәртіп сақшылары тұтқындағаннан кейін ушығып кеткен.
Греция үкіметі кіресті алып тастады
Нысан жақында Лесбостағы қаза болғандарды еске алу құрметіне орнатылған. Олардың арасында елге келгендер де көп еді, деп хабарлайды life.ru сайты.
Грекияның Лесбос аралында белгісіз біреулер мемориалдық кіресті қиратып кеткен. Бұл туралы "Русские Афины" порталы хабарлады.
Нысан қыркүйек айының басында көтерілген. Бірақ бірнеше күннен кейін белсенділердің бірі мэрлікке хат жолдап, "кіресті белгісіз біреулер өзге дінді елемеушілік мақсатта орнатқан" деп жазған.
Белсенділердің ойынша, кірес христиандық, махаббат пен құрбандықтың символы болуы керек еді. Бірақ бұл жағдайда нәсілге бөлінушілікті еске салады.
Осыған байланысты билік ешкімді ренжітпеу үшін кіресті алып тастауды дұрыс деп тапқан.
Ұлыбританияда дауылдың салдарынан үш адам көз жұмды
Корольдіктің батыс бөлігі зардап шеккен, деп хабарлайды "МИР 24" телеарнасының сайты.
Уэльс пен Англияның оңтүстік-батысындағы пойыздар кестесінен қалып жатыр. Кей жерлерде көшкін жүріп, құлаған ағаштар жолды жауып қалған. Өзендер арнасынан шығып, көптеген қаланың жағалауда орналасқан аудардары су астында қалды.
Кей үйлер электр жарығынсыз қалды. Әлі де жаңбыр жауып тұр. Синоптиктер тек күннің екінші жартысында ауа райы орнығады деп болжауда.