Облыста тағы бір елді мекеннің атауы қазақшаланады
Бұл жолы Шемонаиха ауданындағы ауылдың атауы өзгереді
"Красная Шемонаиха" ауылының аты қазақшаланып, "Қызыл құм" деп аталуы мүмкін. Ауыл әкімі Айнаш Ожекенованың айтуынша, елді мекенінң атын өзгерту идеясы әлі қарастырылу үстінде, нақты шешім жоқ.
- Ауылдың атауын өзгерту мәселесін талқылау үшін ауыл жұртын 22 қазан күні өтетін талқылауға шақырамыз. Қазір түсіндіру жұмыстары жасалуда, - дейді Айнаш Ожекенова.
Одан бөлек, Шемонаиха ауданындағы Разина ауылдық округі мен Зевакино, Убинка мен Новая Убинка сынды ауыл аттары да ауысуы мүмкін.