Семейде Полковничий және Ленин көшесінің атауы өзгереді
Кеше ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері Полковничий аралы Бейбітшілік аралына, ал Ленин көшесін Мәңгілік ел деп өзгерту жобасына қолдау білдірді
Өткен жылдан бері Семейдегі осы екі көшенің атауын ауыстыру туралы әңгіме өрби бастаған болатын. Ал кеше бұл ұсыныс облыстық деңгейде қолдау тапты.
Қоғамдық кеңестің отырысында Шығыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова Ленин көшесі мен Полковничий аралының атын өзгерту жобасын таныстыржы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер атауын өзгерту қажеттілігі туралы идеяны қала тұрғындары да қолдап отырғанын атап өтті.
- Аралдың атауы ескірген. Енді ол жерде бірнеше мәдени ескерткіштер шоғырланған, арал қаланың тұрғындары мен қонақтары арасында кең танымал нысанға айналды және оныың атауын ауыстыру уақыттың қажеттілігі болып табылады, - деді ол.