ШҚО-дағы көмірдің сапасын Қоғамдық кеңес бақылауға алмақ
Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатты отынның сапасын және оның бағаларын бақылау жөніндегі комиссияға қосылуға ниетті
Кеше Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында жылу беру маусымына дайындық және аймақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асхат Бұқатовтың айтуынша, бірқатар тасымалдаушылар қыркүйек айында жеткізуі тиіс болатын көмірді әлі тиісті жеріне жеткізбей, артта қалып жатыр. Мәселен, "ВЭУС" ЖШС бес вагонды немесе 350 тонна көмірді жеткізбеген, "Сейком" ЖШС 16 вагон көмір, яғни, 193 тонна құрайтын көмірді жеткізбей отыр. Басшылық мұндай кідірістерге не себеп болып жатқанын анықтауда.
- Тұтастай алғанда, өңір тұрғындары үшін көмір сатып алынды. 1 миллион 191 тонна сұраныстың 840 мың тоннасы жиналды, - деді Асхат Бұқатов.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағы көмір бағалары бойынша Семейде - 7400 теңге, Өскеменде - 8800 теңге, ал ең жоғарғы бағалар Үржар, Күршім, Көкпекті, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында екен. Ол жерлерде көмірдің тоннасы 14 900-ден 16 500 теңгеге дейін жетеді. Бұл әлеуметтік баға емес.