Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +31°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +31°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +38°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
517.45
+5.01
598.59
+5.44
¥
72.04
+0.66
6.58
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтарға ипотекалық сертификаттар беріледі

"7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаға бір миллион теңге елдің бәріне бірдей берілмейді

Бұл жайында бүгін "Баспана" ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Осы тапсырма аясындағы жоспарымыз бойынша, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдар сертификаттарды, президент айтқандай, әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне – ұстаздар, дәрігерлер, полицейлер және тағы басқаларына беретін болады, – дейді Алтынбеков.

Ипотекалық сертификаттар екі схема бойынша беріледі. Кей қазақстандықтар оны тегін алады.

- Ипотекалық сертификаттарды берудің екі нұсқасы бар: қайтарымсыз әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады немесе ұзақмерзімді пайызсыз несие ретінде беріледі, – дейді Қайрат Алтынбеков.

Қайтарымсыз әлеуметтік көмек қалалық мәслихаттар көмегімен үлестірілетін болса, пайызсыз несиенің ережелері туралы әлі хабарланған жоқ. Алтынбековтың айтуынша, жобаның бүге-шігесі мен орындалуына әкімдіктер жауапты, сертификаттарды беру ережелері мен тәртібін де солар бекітеді.


Следующая →