Құтқарушының қайтыс болған жеріне естелік тақтасы орнатылды
Елдос Нұрпейісовтің Күршім ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде суға кетіп, қайтыс болғанына бір жылдан астам уақыт өтті
Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылдың мамыр айында қаза тапқан тоғызыншы ШААШҚЖ-ның құтқарушысы Елдос Нұрпейісовтің есімі ұлықталды. Құтқарушы қайтыс болған Күршім ауданы, Қалжыр өзенінің бойына Елдостың әріптестері естелік тақтасын орнатты.
Елдос Нұрпейісов бір жыл бұрын қайтыс болды. Ол іздеу тобының құрамында суға батқан ауылдың тұрғындарын іздестіруге шыққан. Күшті ағын мен толқын қайықты төңкеріп, құтқарушы суға кеткен. Оның денесін іздестіру екі айға созылған болатын.