Ресейде қағаз төлқұжаттар электронды түрге ауыстырылады
Ресей азаматтарының төлқұжаттарын электронды түрге ауыстыру үрдісі 2021 жылдан басталады
Электрондық төлқұжаттар пластикалық карточкаға және электрондық чипке ауыстырылып, қағаз төлқұжат толығымен жойылады.
Электронды төлқұжатта тек төлқұжат ақпараты ғана көрсетілмейді, сонымен қатар СНИЛС, жүргізуші куәлігі және басқа жеке деректер енгізіледі. Мұндай төлқұжатқа қызмет көрсету деректерінің бірыңғай тізілімі болады.
Экономикалық даму және сауда министрлігі осы заң жобасын әзірлемек. Оны жүзеге асыру құны кемінде 114 млрд рубль болады. Бұл сома жаңа құжат үшін мемлекеттік баж салығы есебінен өтеледі.
Электрондық төлқұжат ресейлік азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін жеңілдетеді.