Өскемен тұрғындарын құбырдан аққан ыстық судың түсі шошытты
Тұрғын үй кранынан аққан сұйықтықтың түсі қою шай іспетті
Қызғылт ыстық су демалыс күнінен бастап облыс орталығындағы Аблакетка ықшам ауданының тұрғындарының уайымына айналды.
Біздің шұғыл желіге "екі күн бойы ыстық суды пайдалану мүмкін болмай отыр" деп тұрғындар шағымданды
Түсінен бөлек, судан мұнай өнімдерінің иісі де шығады. Сондай-ақ, Аблакеткадағы тұрғындар лас су өлшеуіш құралдарын жоғары жылдамдықпен айналдыратынын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе Өскеменде алғаш орын алып отырған жоқ. Жылдың басында Күленов ауылы тұрғындары бензин иісі бар ауыз суына шағымданған болатын.