Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорды жеңді

Аралас жекпе-жек түрінен (UFC) жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпион ресейлік Хабиб Нурмагомедов екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді

Қазанның 7-і күні таңертең (Астана уақытымен) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жекпе-жек барысында МакГрегор төрт раунд бойы дағыстандық спортшыға лайықты қарсылық көрсете алмай, тіпті бір рет нокдаун алды. Төртінші раундта Нурмагомедов қылғындыратын әдіс қолданып, бәсекелесінен күш асырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов UFC нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанған. Ол бұған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген.

Ирландиялық Конор МакГрегор – аралас жекпе-жектен жартылай жеңіл салмақта чемпион болған. Осы кезге дейін ол 21 рет жеңіске (үшеуінде - мезгілінен бұрын) жетіп, үш рет ұтылған. Оны жеңгендердің бірі – америкалық әйгілі кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер.

Биыл сәуірде Нью-Йорк қаласында МакГрегор Нурмагомедов отырған автобусқа баса-көктеп кірмек болған. Оны ұстап, спортшы айыбын мойындаған. Өрескел қылығы үшін оған бес күн қоғамдық жұмыстар атқаруды және ашуын жеңе білуді үйрететін курстан өтуді міндеттеген.

Следующая →