Катонқарағайда жарияланған карантин жойылды
Катонқарағай тұрғыны түйнемеден көз жұмғаннан кейін ауданда карантин жарияланған еді
Ал бүгінгі күні бұл карантин тоқтатылғаны мәлім болды. Бұл туралы ШҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті мәлімдеді.
- Бүгін, 5 қазанда жарияланған карантин алынып тасталды. Тұрғындардың денсаулығына төнген қауіп жоқ, - деп хабарлады мекеме.
Естеріңізге сала кетсек, Кіші Нарын ауылының 47 жастағы тұрғыны 12 қыркүйекі күні бұзау созып, жараланған болатын. Сол уақытта ауру малдан түйнеме дерті жұққан. Өз бетінше ем қабылдап, емханаға уақытылы қаралмаған азамат қаза болды.