Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да нан мен қант бағасы қымбаттауы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының билігі азық-түлік бағасын ұстап қалуға тырысуда

Наубайшылардың айтуынша жақын күндері нан бағасы өзгеріссіз қалады, ал бір айдан кейін не болары белгісіз. Өйткені наубайханалардың шығыны едәуір артып кеткен.

- Тоқаштар мен кондитерлік өнімдердің бағасын көтердік. Өйткені жанармай мен қанттың, майдың бағасы көтерілген. Ұнның да бағасы келісіне 6 теңгеге көтеріліп үлгерді. Сондықтан алдағы 30 күнде ғана нанның бағасы тұрақты болады деп кепіл бере аламыз. Ал ары қарай бағаның қалай өзгерерін болжай алмаймыз, - дейді Өскемендегі нан зауыттарының бірі.

Ал қанттың бағасы көтеріле бастаған. Өткен аптада дүкен сатушылары қанттың көтерме бағасы 240 теңгеден 253 теңгеге дейін көтеріледі деген. Сәйкесінше бөлшек бағасы да 280 теңгеге көтеріледі. Ал бүгінгі күні кейбір дүкендерде қанттың келісі 300 теңгеден сатылып жатқаны белгілі.

ШҚО Кәсіпкерлік басқармасы бағаның шақыртауына не себеп екенін айта алмай отыр. Алайда облыс әкімдігі мен антимонополиялық мекеме кәсіпкерлерге алғашқы қажеттіліктегі азық-түліктердің бағасын әдейі өсіріп жібермеу туралы үндеу жасаған.


Следующая →