Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Астана студенттері хостелде тұрып жатыр

Астана қаласындағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жатақхана салынып біткенше хостелге орналастырылып жатыр

Студенттерді жатақханамен қамту да Астана үшін аса маңызды мәселе екені белгілі. Тіпті бүгінде елордада жоғары оқу орындары мен колледждердің 16 мыңға жуық студенті жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Осы мәселені шешу үшін қалалық әкімдік ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін бос қалған хостелдерді уақытша жатақхана ретінде пайдалануды қолға алған. Бұл әрине пилоттық жоба. Яғни алдағы уақытта жаңа жатақханалар салынады. Бірақ соған дейін студенттер осындай орындарда тұрмақ.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мұндай қадамның тиімді екенін айтты.

- Жатақханаға айналған хостелдерде студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан осындай қадамды студенттерді жатақханамен қамтудың нақты әрі тиімді жолы деп деп айтуға толық негіз бар. Тіпті Астананың бұл тәжірибесін басқа да өңірлерде қолданудың берері мол деп есептейміз. Осылайша Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бас қаламызда сәтті жүзеге асырылуда. Бастамалардың әрі қарай да уақытылы және сапалы орындалуы үшін "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының басқа да бағдарламалары мен бастамаларының жүзеге асырылуына партия өз үлесін қосады, - деді Мәулен Әшімбаев.

Следующая →