Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
485.04
-2.20
525.98
-3.36
¥
68.29
-0.13
5.04
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Ертіс жағасындағы ағаштарды құндыздар кеміріп жатыр

Өскемен қаласының тұрғындары Экологиялық партуль қызметкерлеріне хабарласып, құндыз-кеміргіштердің ағаштарды шетінен құртып жатқанын айтып шағымдануда

Қала тұрғындарының айтуынша, Ертіс өзенінің Пермитин көшесі маңындағы жағасында құндыздар келіп, ін қазып жайғасып алған. Аталған жерді тексеріп шығуға келген экологтар тамыры мен діңгегі кемірілген ағаштарды байқап, кеміргіш отрядының інін де тауып алған.

- Таңқаларлық жағдай. Негізінен, құндыздар – табиғатынан у-шуды жеккөретін, қала өмірін жақтыра бермейтін жануар. Қала маңынан ін қазу да оларға жат нәрсе. Мұндайды бірінші рет көріп отырмыз, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Анатолий Филиппов.

Экологтардың ойынша, құндыздар ластанған су қоймаларынан қашып, қала маңына келіп "қоныстанған". Демек, қала экологиясы оларға жағымды деген сөз. Бірақ бұл қала маңында құндыздар көбейіп кете деген сөз емес.

- Құндыздар көбейеді деп болжам айту әлі ерте. Өйткені құндыздар бір жерге топтасып ұзақ өмір сүрмейді, іні де үлкен болмайды. Оның үстіне, құндыздар бұл жерден азық таба алмайды, өзен жағасында ағаш аз, - дейді Анатолий Филиппов.

Экологтар құндыздардың қаладан өз еркімен кетуін күту керек деп отыр, одан басқа жолы жоқ көрінеді.

Следующая →