Өскеменде баланы қағып кеткен маршрут жүргізушісі 10 млн теңге өтемақы төлейді
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы жаяу жүргіншілер жолында болған көлік оқиғасына қатысты шешім шығарды
Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кеткен маршрут жүргізушісі екі жарым жыл бас бостандығынан айырылды әрі 10 млн теңге шамасында өтемақы төлеуге шешім шығарылды.
Оқиға осы жылы көктемде, мамыр айында болған. Абай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан алты жасар қызды маршрут жүргізушісі қағып кеткен. Ал №2 Өскемен қалалық соты 13 тамыз күні жүргізушіні кінәлі деп тауып, екі жарым жыл бас бостандығынан айырған еді. Алайда қыздың ата-анасы соттың бұл шешімімен келіспей, жүргізушіні бес жыл бас бостандығынан айыруды өтінген. Ал сотталушы моральдық шығынның көлемін азайтуды сұраған.
- 26 қыркүйек күні ШҚО қылмыстық іс жөніндегі сот коллегиясы екі жақтың да апелляциялық шағымын қарап шығып, сот шешімін өз күйінде қалдырып, зардап шегушіге төленетін моральдық шығынның көлемін көбейтуге шешім шығарып отыр, - дейді ШҚО Облыстық сотының судьясы Назгүл Рахметуллина.
Судьяның сөзіне қарағанда, сотталушы алты миллион теңгенің орнына енді 10 млн теңге өтемақы төлемек.