Өскемен қаласының тұрғындары жолдағы шұңқырларды өздері жамап жүр
Питер Коммунарлары көшесіндегі шұңқырларға зығырданы әбден қайнаған тұрғын жолдың бетін жаңа асфальтпен жапқан
Асфальт төсемінің фотосуреті әлеуметтік желілер арқылы бірден тарап кеткен. Себебі қала тұрғындары "шұңқырды суық асфальтпен жаба салған неткен технология?" деп түсіне алмай дал болған.
Өскемен-Тәртіп коммуналдық кәсіпорыны ешбір қызметкердің және мердігердің мұндай жөндеу жұмыстарын жүргізбегендерін түсіндіреді.
- Біз аулалардағы шұңқырларға жөндеу жұмысын жүргізбедік, - деді коммуналдық кәсіпорынның өкілі Әсел Ахметжанова. - Біздің жұмысшыларымыз жұмыс жүріп жатқан жерде асфальтты арнайы технологиямен төсейді. Тұрғындардың өздері шұңқырды жауып тастаған болар.
Мұндай жағдай Крылов көшесінде де орын алған. Көше маңында мердігерлер жұмыс істеп, асфальт төсеп жатқан. Жергілікті тұрғындар жұмысшылардан біраз қажетті материалды сұрап, ауладағы шұңқырларды жапқан. Осылайша қала тұрғындары аулаларда шұңқырларды жөндеп, жағдайды жақсартуға тырысып жүр.