Өскемендік "Торпедо" қазандық "Барыстан" жеңіліп қалды
Өскемендік "Торпедо" Жоғары хоккей лигасы ойындарына қатысу барысында Қазан қаласына барып, жергілікті "Барыс" клубымен кездесті
Алайда турнир кестесінде төртінші орында тұрған қазандық хоккейшілерден қазақстандық команда 6:2 есебімен жеңіліп, турнир кестесінде алғашқы ондықтан сырғып қалды.
Былтырғы маусымда Мисхат Фахрутдинов бастаған "Торпедо" командасының шабуылы мықты болатын, алайда биыл команда ойыншыларынан қарымды шабуыл байқала қоймады. Қарсылас қақпаға екі шайбы ғана дарытып, өзі алты шайбаны жіберіп алды.
Следующая →

- Гол өте жылдам салынды. Қарсыластар бірінші кезеңнің өзінде ептілік танытты. Төрт гол жіберіп алғаннан кейін, ойынды алға тарту қиын еді. Дегенмен, біздің жігіттер намысқа тырысып, алаң қожайындарын біраз тықсырды, - дейді "Торпедоның" бас бапкері Мисхат Фахрутдинов.Ал дүйсенбі, 1 қазан күні, "Торпедо" Самар қаласының ЦСК ВВС клубымен кездеседі.