Өскемен маңындағы су тоғаны тұрғындарға қауіп төндіруде
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Согра кентіндегі Маховка өзеніндегі су қоймасына барып, жағдаймен танысты
Тоғанның су өткізу қабілеті нашар болғандықтан, көктемде еріген қар суының кесірінен тез толып кетеді. Ал бұл кент тұрғындарына қауіп төндіруі мүмкін.
- Су ағызатын тораптың өзін жөндеу керек. Тораптың көзі бітеліп қала беретіндіктен, тоғанға су тез толып кетеді. Соның кесірінен маңайдағы үйлер мен саяжайларды су басуы мүмкін, - дейді Өскемен қаласы әкім аппараты басшысының м.а. Нұрлыбек Шерубаев.
Одан бөлек, тоғанның арнасы мен табанын да балшықтан тазарту керек.
Жақсылық Омар аталған мәсемен танысып шықты, енді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірігіп шешпек.