Астана жәрмеңкесінде ең көп сатылған тауар ШҚО-ның бал өнімдері болған
Екі күннің ішінде Астана жәрмеңкесіне барған шығыс онаурызшылары 300 тонна бал сатқан
"Қазақстан" спорт кешені алдында жәрмеңке ұйымдастыруға арналған 50 сауда орны ашылып, бұған елдің 15 облысының, екі ірі қаласының шаруалары өздерінің табиғи өнімдерін саудаға қойды.
Мұнда жеміс-жидек, көкөніс, сүт пен нан өнімдері, бал мен панты өнімдері сатылды.
- Астанаға Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері де келеді дегенде қуанып, керек-жарақ азық-түліктің тізімін жасадым. Қымыз, май мен тары сатып алдым. Тауардың табиғи екеніне күмәнім жоқ, - дейді астаналық тұрғын Айсұлу Қабидолда.
Астаналықтардың ең көп сатып алған өнімдері бал болған.
- Бүгін 10 литр бал сатып алдым. Мұнда бәрі арзан, - дейді Сания Кейінбаева.