ШҚО-дағы ірі мұражайлардың бірі 50 жылдығын атап өтті
Соған орай, Өскемен қаласында ірі мерекелік шара өтті
ШҚО Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы өзінің 50 жылдығын атап өтті.
- Бұл күні мұражай қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет грамотасы беріп, сыйлықтар сыйладық. Мұражайдың елу жыл бойы қызмет етуіне де оның қызметкерлері зор үлес қосқан жоқ па?! - дейді мұражай директорының орынбасары Тамара Быкова.
Бұл күні мұражайда қызмет етіп жатқан және ардагері атанған 100 адам марапатқа ие болды. Ең алдымен, мұражай қорықтың Сол жақ кешенін салуға, ұйымдастыруға зор үлес қосқан Николай Зайцевтің еңбегі ерекше аталып өтті. Мұражай қызметкерлерін құттықтауға ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары келді.
Ал "Ертіс концерт" залында мұражай қызметкерлеріне арналып концерт қойылды.