Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмыссыз әйелдер саны артқан

Биыл облыстағы жұмыссыздар саны 35 мың адамды құрап отыр. Яғни, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды қамтиды

- Әйелдердегі жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құраса, ерлерде бұл көрсеткіш 4,4%, - деп мәлімдеді ШҚО Статистика департаменті.

Ал ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкованың айтуынша, қазіргі уақытта 9197 жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың 3918-і еркек болса, 5279-ы әйел адам. Демек әйелдердің жұмыс күші деңгейіне байланысты бүкіл әлемдегі гендерлік айырмашылық әлі де төмен.

Ал облыстағы жұмысы бар адамдар саны 715 мыңды құрады. Биыл өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 200 мың адам. Жұмыспен қамтылғандардың ішінен әрбір екіншісі қызмет көрсету саласында, бесіншісі өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істесе, алтыншы адам ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады.

Айта кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, соңғы 20 жылда экономикалық белсенді халық үлесіндегі әйелдер көрсеткіші 52,4%-дан 49,6%-ға дейін төмендеген. Ер адамдардың үлесі - 27%. Әлем бойынша жұмыссыздық ерлер арасында 5,5%-ды, әйелдер арасында 6,2%-ды көрсетіп отыр.

Следующая →