Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі жол жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

Облыс орталығының билігі жақын күндері жолдағы кептелістер жойылатындығына сендірді

Қала тұрғындары облыс орталығындағы жолдардың бір жыл бойы бітпей келе жатқандығына наразылық білдіруде. Көпқабатты үйлерде тұратындар жөндеу жұмыстарының шуылынан жалықса, автокөлік жүргізушілерінің де кептелістен ығыры шыққан.

Билік өкілдері хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары жақында аяқталады.

- Крылов көшесіндегі көпірдегі жол 20 қыркүйекте ашылған. Астана көшесіндегі жол да, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов. - Бұд көшеде бағдаршам іске қосылды, бірақ жұмыстар толығымен қарашада аяқталады. Асфальт төгу қалды. Бұл жұмыстар ауа райы жақсы болса, екі күнде бітеді.

Руфат Акрамовтың айтуыншағ Протозановтағы жөнделіп жатқан орындар қазан айының аяғына дейін ашылады. Содан кейін аялдамаларды қою ғана қалады. Ал жол толығымен қарашадар жөнделіп бітеді.

Одан өзге, Әуезов даңғылынан Орджоникидзе көшесіне қарай FLO дүкені маңындағы абаттандыру жұмыстары туралы да сөз болды. Ол жол қарбалас сағаттарда көлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін жөнделуде. Бұл жолға асфальт төгілді. Тек жол белгілері мен шамдар қою қалды.

Қала әкімі Жақсылық Омар хабарлағандай, қаланың көп бөлігіндегі жөндеу жұмыстары аяқталады.

- Біздің мақсатымыз – Ертіс көпіріндегі жолды жөндеп бітіру 2019 жылға жоспарланса да, қараша немесе желтоқсанда аяқтау. Бірақ жұмыстар жүргізіліп жатқалы бес жыл болды, - дейді қала басшысы. - Қазан айының соңына дейін Қазыбек би даңғылынан Байбатчин көшесіне дейін Сәтпаев даңғылын қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтаймыз.


Следующая →