Өскемен тұрғындары 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе салдыра алады
Екпенің бағасы қанша екені әлі белгісіз, бірақ қандай науқастарға тегін екпе салынатыны белгілі
- Жергілікті бюджет есебінен 33873 екпе сатып алынды. Қоғамның келесідей әлеуметтік осал топтарына тегін екпе салынады: балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары мен мүгедек жандар. Қазір қандай тұмау вирусының тарауы мүмкін екендігі әлі белгісіз. Әдетте, тұмау эпидемиологиясы күздің екінші жартысында басталады. Былтыр H1N1 атты вирус типі тараған болатын, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ільяс Мұхамеджан.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласының үш ауруханасында екпе салу пунктері ұйымдастырылған. Олар – Абай даңғылында орналасқан Амбулатория орталығы, Әуезов даңғылында орналасқан №1 поликлиника және Буров көшесінде орналасқан №2 поликлиника.