Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

28 қыркүйекке арналған әлем жаңалықтарының таңертеңгі легі

Устинка Live жаңалықтар порталы саясат, экономика және өзге де БАҚ назарына ілінген өткен түндегі маңызды оқиғаларға шолу жасады

Бағдатта 2015 жылғы сұлулық байқауының жеңімпазын атып кетті

"Бағдат аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы, сәнбике әрі блогер Тару Фаресті белгісіз біреулер Ирак астанасында атып кеткен, деп хабарлайды Корреспондент.net.

22 жастағы ару үш оқ жарасымен аурухана жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оны құтқара алмаған, деп хабарланды 27 қыркүйек күні.

Орын алған оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады. Globo дереккөздерінің ақпараты бойынша, өлімінен бұрын Фарес тұтқынға алынған.

Сәнбикенің 2,6 миллионнан аса адам тіркелген Instagram желісінде өлгеннен кейінгі қара ала суреті жарияланған.

- Біз Алладан оны кешіруді және оған өзінің ұлы мейірімділігін беруді сұраймыз, - делінген сурет астындағы жазбада.

Нидерланд полицейлері лаңкестік әрекеттің алдын алды

Life.ru сайты хабарлағандай, арнайы операция барысында жеті адам ұсталған. Тәртіп сақшылары тінту барысында АК-47 автоматтарын және жарылғыш заты бар белбеулерді тапқан.

Ұсталған бір тұтқынның айтуынша, шабуылқаза болғандар саны көп болу үшін  жоспарланған. Сондай-ақ, лаңкестік әрекетке дайындықтың соңғы кезіңінде болғандығы хабарланды.


Жапонияда 200-ден астам әуе рейстері тоқтатылды

"Трами" дауылының жақындауына байланысты жалпы саны 198 ішкі әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды "МИР 24" телеарнасының сайты. Қазіргі уақытта дауыл Тынық мұхиты арқылы оңтүстік Окинаваға қарай қозғалуда.

Синоптиктердің болжамы бойынша, "Трами" Жапония аумағына 29 қыркүйек күні жетеді.


Илон Маск алаяқтық ісі бойынша айыпталды

АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржа бойынша комиссиясы Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскты алаяқтық ісі бойынша айыптап, кәсіпкерді сотқа берген. Бұл туралы ФАН РАА Bloomberg-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Комиссяның пайымдауынша, ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап Илон Маск Tesla халықтық компаниясын жеке меншік қылуға ниетті "жалған әрі адастыратын" өтініштер сериясын жасаған. Бизнесмен сөздері биржаға "былықпа мен іркіліс" әкелген және инвесторларға зиян келтірген.


Итальян шарап зауытында сұйыққойма жарылды

Тревизо провинциясының Фонтанелле қаласындағы шарап зауытында өнеркәсіптік сұйыққойма жарылды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Сұйыққоймадағы сұйықтықтың мөлшері кәсіпорын қызметкерлерінің кінәсінен рұқсат етілген көлемнен асып кетуіне байланысты оқыс оқиға орын алған

Нәтижесінде сұйыққоймадан шамамен 30 мың литр шарап төгілген.



Следующая →