Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жаңа кабинет оқушылардың ынтасын арттырады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында ғана қолға алынған "Менің мектебім" жобасы аясында 277 мектепте жаңадан 476 пән кабинеті ашылған болатын

Атап айтқанда, биология, химия, физика пәндерінің жаңа кабинеттері ашылды. Онымен қоса, робот құрастыру мен бағдарламалауды үйрететін жаңа робототехника кабинеттері де ашылған болатын.

Аталған кабинеттердің жаңашылдығы мен ерекшелігі қандай, соны анықтау мақсатында әр пән қабинеттері жайлы баяндауды жөн көрдік. Бұл жолы биология кабинеті жайлы сөз қозғамақпыз. Өскемен қаласының 15 мектебінде ғана жаңадан биология кабинеті ашылған екен. Оның бірі Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде ашылып отыр. Мектепте отыз жыл ұстаздық еткен, жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Бақыт Төлегенова биыл жасақталған жаңа кабинетін таныстырып шықты.


Жөндеу жұмыстары жасалған


Кабинетке жаңа құрал-жабдықтар, парталар мен орындықтар әкелінбес бұрын бөлменің ішіне жөндеу жұмыстары жасалып, дизайны дайындалған.

- Наурыз айында кабинеттің қабырғасы тегістеліп, бояумен сырланды. Төбеге жаңа жарықшамдар қойылып, жаңадан еден төселді, - дейді мұғалім.

Ал жаздан бастап кабинетке жаңа парталар мен орындықтар, жиһаздар әкеле бастаған. Кейін электронды тақта және магниттік тақта, компьютерлер мен сабаққа қажетті иллюстрациялық жабдықтар әкелінген.

- Кабинетімізде бұрын да интерактивті тақта болған еді. Енді оның орнына жаңа, заманауи электронды тақта қойылып отыр. Электронды тақта сенсорлы болғандықтан, оны бірнеше бала емін-еркін пайдалана алады. Ал қабырғаға қойылған жай тақтаның өзі - магниттік тақта. Бормен де, фломастермен де жазуға болады. Парақтарды іліп қоюға өте ыңғайлы, - дейді Бақыт Зайнолдақызы.

Қазір кабинетте 14 парта бар. Оған 28 оқушы келіп отырады. Биология пәні 8-11-ші сынып оқушыларына ғана өтетіндіктен, бұл кабинетте тек жоғары сынып оқушылары ғана білім алады.


Бір партаға - бір микроскоп


Кабинетке жиһаз бен парталардан басқа оқушыға сабақ түсіндіруге қажетті қосымша құрал-жабдықтар да әкелінген. Атап айтқанда, микроскоп, муляж, адамның қаңқасы мен ылғалды препараттар, зертханалық жұмыс жасауға арналған ыдыс-аяқтар, ақпараттық стендтің оқушыларға сабақ түсіндіруге деген пайдасы мол. Әсіресе, мұғалімді микроскоптардың әкелінгені өте қуантқан екен.

- Кейбір мектептерде бір-екі микроскоп қана бар. Ал бізге биыл 14 микроскоп әкелініп отыр. Яғни, бір партаға бір микроскоптан келеді. Екі бала бір микроскопты пайдаланып, ағзадағы жасушалар мен өзге де биологиялық құбылыстарды көре алады, - дейді биолог.

Балаларға пайдалы заттардың тағы бірі - зертханалық жұмыс жасауға арналған шағын ыдыс-аяқтар. Комплект күйінде келген ыдыс-аяқтар бір қорапқа салынып, рет-ретімен қойылған. Ішінде құйғыш, тамызғыш, отжалын, қысқыш, түтік сынды шынылар бар. Балалар зертханалық жұмыс кезінде оны қолға алып, тәжірибе жасайтын болады.

- Одан бөлек, адам ағзасының анатомиялық ерекшеліктерін көрсететін, биология тілінде "муляж" деп аталатын жасанды материалдар оқушының ағза құрылысын көзбен көріп, қолмен ұстап түсінуіне үлкен ықпал етеді. Яғни, жүрек пен бүйректің, көз бен бастың, аяқ пен қан тамырларының пластикалық пішінін зерттеп тани алады. Балаға оқулықтан қарап тұрып, "жүректің үш бөлігі болады, қан айналымын реттейтін қалпақшалары бар" деп айтып отырғанға қарағанда, муляжды алып көрсетіп, түсіндірген оңай, - дейді ұстаз.

Бұдан басқа кабинетке сүтқоректілер мен қосмекенділердің, балықтың дене-бітімі тірідей қатырылған ылғалды препараттар де әкелінген.

- Банкіге формалин сұйықтығы құйылып, тірідей қатырылған балықтың, бақа мен тышқанның ағзасы жарылып көрсетілген, ішіндегі ағзалары атымен аталып жазылған. Мұндай препараттарды баланың басқа жерден көруі екіталай. Сирек кездесетін дүниелер, - дейді Бақыт Зайнолдақызы.

Мұғалімді қуантқан құралдардың тағы бірі - адам сүйектері мен бұлшық еті көрсетілген қаңқа.

- Бұл құралдар арқылы адам денесіндегі қозғалатын, қозғалмайтын сүйектерді, бұлшық еттерді көрсетуге өте ыңғайлы. Адам сүлдесі мен қаңқасын да оқушылар өздері құрайды, - дейді мұғалім.


Балалар кабинетті күтіп ұстайды


Отыз жылдық тәжірибесі бар мұғалім оқушылардың жаңа кабинетті көргенде, биология пәніне деген қызығушылығының артып, талпыныстарының пайда болғанын айтады.

- Жаңа, таза кабинетке ауысқан оқушының сабаққа деген ынтасы артады. Бұл - баланың психологиясына тән құбылыс. Жаңа биология кабинетін көрген кезде, оқушылар қатты қуанды. Әр нәрсеге қызығушылық танытып, сабаққа дайындалып келетін болып жүр. Әлі зертханалық жұмыстарды жасай қойған жоқпыз. Ол кезде микроскоппен, шыны ыдыс-аяқтармен тапсырма орындайтын болады. Сонда олардың биология пәніне деген ынтасы тіпті артады деген ойдамын. Қазірдің өзінде балалар кабинетті күтіп ұстауға барынша көңіл бөліп жүр. Мектептегі ең керемет кабинеттің бірі екендігін біледі. Өз үйіндей көреді. Жай ғана партаның өзін сызуға жасқанады. Жабдықталмаған кабинет пен жаңартылған кабинетте білім алудың арасында үлкен айырмашылық бар. Егер кабинет ескі болса, баланың да білім алуға деген зейіні азаяды, - дейді ұстаз.

Следующая →