Әлеуметтік желіде тауар сататындар тексеріледі
Әлеуметтік желіде тауар сату, қызмет ұсыну сынды табыс табатын азаматтар салық органдары тарапынан жіті тексерілетін болады
Ал кәсібін тіркемеген азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сонда да табыс көзін заңдастырып, салық төлеуден бас тартқандарға әкімшілік айыппұл салынбақ.
Қазақстанның жаңа Салық кодексіне тауарды электронды түрде сатуға салық салу туралы бап енгізілген болатын. Бұл құжатта әлеуметтік желіде тауар сатуға не қызмет көрсетуге жарнама берген, не болмаса, арнайы парақша ашқан азаматтардың жылдық табысы 39 мың теңгеден асса әрі ақы қолма-қол емес, электронды төлем арқылы жасалса, тауарды жөнелту және жеткізумен де қосымша айналысатын болса, онда мұндай тұлғалардың салық төлеу керектігі айтылған.
- Соған байланысты салық органдары әлеуметтік желідегі жарнамалар мен парақшаларға мониторинг жасап отырады. Қалада электронды сауда жасау дамыған. Жыл басынан кәсібін заңдастырмаған 46 адам анықталып, оларға кәсібін заңдастыру керектігі ескертілді, - дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының басшысы Гүлжанат Алтайханқызы.
Ал кәсібін заңдастырудан бас тартқандарға 20 мың АЕК (48 млн теңге) есебінде айыппұл салынбақ.