Өскемен қаласындағы жер үсті өткелі қазан айында салынып бітеді
Бүгін бұны Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі растады
Құрылысы бір жылға жуық уақытты алған нысан әу бастан-ақ қала халқының наразылығын тудырған.
Ал бүгін қалалық ТҮКШ мамандары өткелдің құрылыс жұмыстары келер айдың аяғына дейін бітеді деп сендірді.
- Аяқталу мерзімі – қараша. Бірақ біз жұмыстарды қазан айының аяғына дейін аяқтасақ деп отырмыз, - дейді мекеме басшысы Руфат Акрамов. - Қазір фасадты жауып тұратын сызықты панельдер қойлып, әйнектеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды жергілікті өндіруші "УК Триплекс" жүргізуде.
Қалалық ТҮКШ-тегілер әзірге нақты қай уақытты өткел халық игілігіне берілетіндігін атап айтпады. Айта кеткен жөн, жоба бойынша өткел сатылар және жеделсатымен жабдықталуы керек.