Мадуроға жасаған қастандық әрекеті үшін Венесуэла полициясы үш күдіктіні ұстады
Венесуэла байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес Николас Мадуроға қастандық жасағаны үшін тағы үш күдіктінің қамауға алынғаны туралы мәлімдеді
Өткен сенбіде Венесуэладағы құқық қорғау органдарының өкілдері Морфи деген лақап атпен белгілі Хенриберт Эммануэль Ривасты ұстады. Ол президентке жасалған қастандық әрекеттеріне тікелей қатысқан.
Ривастан басқа, оның әйелі Лисбет Эспосито және зейнеткер-полковник Рамон Сантьяго Веласко Гарсия ұсталды. Сондай-ақ, Хорхе Родригес оппозициялық партияның депутаты Хулио Боргестің қазіргі уақытта елден тыс жерде екенін айтты.