Жай түсіп, қойма өртенді
Кеше Өскемен қаласындаңы екінші деңгейлі көшелердің бірінде орналасқан бірқабатты ғимараттан өрт шыққан
Он шаршы метр болатын қойманың ағаш жабындылары жанып кеткен. Куәгерлердің бірінің сөзіне сүйенсек, қоймаға жай түскеннен кейін өрт шыққан.
Өскемен қалалық ТЖБ хабарлағандай, 23 қыркүйекте қалада тағы бір өрт оқиғасы орын алды. Бұл жолы жер үйдің шаруашылық құрылыс нысаны жанып кетті. Мамандар өрттің шығуы бойынша үш нұсқаны қарастыруда: отқа салғырт қарау, электрқұрылғысын пайдалану және жөндеу барысында өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау, электр құрылғысының апаттық жағдайда болуы.