24 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экнономика және басқа да салалар бойынша басты жаңалықтар легін ұсынады
АҚШ-та жүк пойызы көпірден өзенге құлады
Американың Айова штатында пойыз апаты орын алды, деп хабарлайды РОСБАЛТ ТАСС-қа сілтеме жасап. Апатқа жүк салмағын көтере алмай, темір жол көпірінің құлауы себеп болған.
Өзенге 20 вагон құлаған. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Апат орнында мамандар жұмыс істеуде. Суға зиянды заттар түскен жоқ.
Эрдоган Сирияның қауіпсіз болашағына күрттер қауіп төндіреді деп сенеді
Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Сирияның болашағына Евфрат өзенінен шығысқа қарайғы аумағынан, сириялық күрттерден төніп тұрғанына сенімді. Бұл туралы ол 23 қыркүйек күні Нью-Йоркке ұшар алдында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.
- Казіргі уақытта Сирияның болашағына лаңкестік әрекеттер қауіп төндіріп тұр. Ол Евфраттан шығысқа қарай кейбір біздің одақтастарымыздың қолдауымен дамып келеді, - деп атап өтті Эрдоған.
Сириядағы азаматтық соғыстан Түркия сынды ешкім көп зардап шеккен жоқ.
Италияның бұрынғы премьері елін құтқармақ
"Алға, Италия!" партиясын басқаратын Сильвио Берлускони 2019 жылдың мамырында өтетін Еуропарламентке өзін ұсынбақ. Бұл туралы life.ru хабарлайды.
- Мен еуропалық сайлауда өзімді ұсынбақпын. Бұны менен барлығы өтінуде, - деп мәлімдеді ол.
Берлускони атап өткендей, 25 жыл бұрын Италияны коммунистерден қорғап қалғанмен, ел өзге де маңызды мәселелерге жолықты: білімсіздік, біліксіздік мен әлеуметтік жауыздықты қолдау. Экс-премьер елді тағы да құтқару керектігін айтады.
Электр есеңгіреткіштің көмегімен Букингем сарайына кірмек болды
Король резиденциясына келген 38 жастағы азаматты күзетшілер ғимаратқа кіргізбей қойды, деп хабарлайды "МИР 24" сайты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағадай, азаматтың қолында Taser брендті электр есеңгіреткіші болған. Оның бес метр қашықтықта да қолдануға мүмкіндігі бар.
Қолға түскен азамат тұтқындалды. Бірақ тәртіп сақшылары бұл оқиғаны лаңкестік әрекетпен байланыстырмайды.
Жаңа Iphone шыққаннан кейін, Samsung смартфондары арзандаған
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, осылайша, оңтүстіккореялық компания тұтынушылардың қызығушылығын оятпақ, деп хабарлайды ЖФА РАА.
Galaxy S9 смартфонының құны 8800 рубльге төмендеген. Одан өзге, Samsung 2017 жылы шыққан Samsung Galaxy S8 телефонының жаппай сатылымын бастаған.