Өскеменде өрт кезінде мас әйелді күйік шалды
Әйел адам "Геолог" саяжай қоғамында орын алған өрт кезінде ауыр жарақат алған
Саяжайдағы өрт кеше түңгі он жарым шамасында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Көршілер өрт сөндірушілерге үйде біреудің болуы мүмкін екендігін айтқан. Құтқарушылар өртті сөндіріп, үйге кіргенде ешкімді анықтамаған. Алайда, үйдің бақшасында мас күйіндегі әйел адамды анықтаған. 43 жастағы қала тұрғынының басы және екі аяғы күйіп қалған. Әйел адам өртенген үйден өз күшімен шыққан.
Өрт сөндірушілердің тұжырымынша, өрттің басты себебі – отпен абайсыз болу. Үйдің иесі анықталуда.