Ресейде жаңа iPhone алу үшін кезек орындары сатыла бастады
Avito сайтында жаңа iPhone сатып алу үшін құны 250 мың рубль болатын кезек орындарының сатылатындығы туралы хабарландыру орналастырылған
Аталған қызмет түрі жаңа смартфон сатыла бастаған кезде ұсынылатын болады, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Ең тапқарлар бұл қызмет түрін 250 мың рубльге бағаласа, кейбірі 100 мың рубль немесе түбіртектің 10%-ы мөлшеріндегі бағаны белгілеген. Аталған қызметті ұсынушылар, тіпті, кез келген ауа райында кезектегі орынды 4-5 тәулік ішінде ұстап тұруға дайын екендіктерін жеткізген.
Одан бөлек, сайтта смартфон Ресейде сатыла бастағанға дейін оны жеткізіп беру қызметін ұсынатын хабарландырулар да бар. Бұл қызмет 300 мың рубльге бағаланған.
Ал Ресейде iPhone-ның жаңа үлгілері 28 қыркүйек күні сатыла бастайды. iPhone XS смартфонының ресми бағасы 88 мың, iPhone XS Max құны 97 мың рубльден басталады. Ал бюджеттік iPhone XR смартфонының құны шамамен 65 мың рубль болады.