Өскемендегі кітапханада дәрігерлерден тегін кеңес алуға болады
Дәрігерлер Қарттар күніне әрі халықаралық Жүрек күніне орай халыққа тегін кеңес береді
Тұрғындарды қабылдау Славский атындағы жағалау, 22 мекенжайында орналасқан Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада өтеді, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
Шараны Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының терапевт-дәрігерлері мен шақырылған кардиолог-дәрігер жүргізеді.
Кездесу бірінші кезекте жүрек-қантамыр мәселелеріне арналады. Кеңес беру кезінде келушілердің қан қысымы өлшенеді.
- Тұрғындарымыз өздерінің ағзасы мен денсаулықтары туралы хабардар болсын әрі білікті дәрігер мамандардан кеңес алсын деген мақсатты дәрігерлермен тегін кездесулер өткізудеміз, - дейді Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі Жанат Жиенбекова.
Сонымен қатар, келесі айларда кітапхана қабырғасында осы сынды тағы бірнеше шаралар ұйымдастырылмақ. Олардың барлығы әртүрлі тақырыптарға бағытталмақ: дұрыс тамақтану, туберкулезге қарсы күрес, ЖРВИ-мен күрес және тағы да басқа.