ШҚО-да әйел адам өрт салдарынан мерт болды
Зырян ауданының Парынио ауылында 60 жастағы әжей өз үйінде өртеніп кеткен
Құтқарушылар келген кезде өрт үйді толығымен жалмап, салдарынан үй иесін құтқару мүмкін болмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Апат бүгін таңғы бестер кезінде орын алған. 101-ге жер үйде орын алған өрт оқиғасы туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар келген кезде өрт үйді толығымен жалмаған. Өрт сөндірушілер үйге кірген кезде 61 жастағы әжейдің денесін анықтаған. 80 шаршы метрге шарпыған өрт екі сағат ішінде сөндірілген.
- Куәгерлердің айтуынша, әжей көршілеріне қоңырау шалып, үйден шығуға көмек сұраған. Өкінішке орай, өрт өте қатты болғандықтан көршілер үйге кіре алмаған, - дейді МӨСБ-3 басшысы Ержан Омырбаев.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт себебі бойынша екі нұсқа - отты абайсыз қолдану немесе электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау пысықталуда.
Сондай-ақ, әйел адам үйде жалғыз тұрған әрі жүріс-тұрысы аз өмір салтын ұстанған.