Өскеменде ірі көлемде суррогат ішімдік партиясы тәркіленді
ШҚО ІІД осылайша заңсыз ішімдік саудасымен күрес жүргізуде
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы Колхозная көшесінде 11 рейд жүргізіп, заңсыз ішімдік саудасы бойынша 14 фактіні анықтады. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары ішімдікті заңсыз сатумен айналысатын кәсіпкерден үш тонна суррогат ішімдік тәркілеген.
Өткен аптада ШҚО ІІД қызметкерлері облыс орталығының тағы екі тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты. Олар да алкогольдік ішімдікті заңсыз сатумен айналысып келген. Тексеру барысында анықталғандай, олардың кәсіппен айналысуға рұқсаты да, ішімдік сатуға лицензиясы да жоқ болып шыққан.
Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚК 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аймақта заңсыз ішімдік саудасымен күрес шаралары жалғаса бермек.