Қытай АҚШ-ты сауда мәселелерінде бопсалаудан бас тартуға шақырды
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан сауда саласында АҚШ-тың Қытайға жасап отырған бопсалаушылық әрекеттерінің тиімсіз екенін айтты
Қытай АҚШ әрекеттеріне қарамастан, өзінің заңды мүдделерін қорғауды жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, американдық тарап диалог пен байланыстар орната отырып, шектеу шараларын қолға алып отыр. Яғни, кеңеске шақыра отырып, қысым жасауда.
- Мұндай әрекеттер американдық тараптың стратегиясына айналды. Қытай тарабы барлығын бақылап, түсініп отыр және бұған бейжай қарамайды, - деп атап өтті Шуан.
Сонымен қатар, Қытай барлық мәселелерді диалог пен кеңес беру арқылы шешу үшін АҚШ-ты ізгі ниет және шынайылық көрсетуге шақырады.