Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Калинина
Ақпарат көзі:
Устинка

Карл Маркс даңғылының атауы Қазыбек Би даңғылы болып өзгертілді

Өскемен қаласындағы ЖМК ауданында орталық даңғыл атауы өзгерді

Осы жылдың наурыз айында республикалық ономастикалық комиссия Карл Маркс даңғылының ататуын өзгертуді бекіткен. Ал бүгін қала халқы Қазыбек би даңғылының ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шараға ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Атаулы өзгертуге белсенді азаматтық көзқарасты танытқандарға құрмет грамоталары табыс етілді. Халықтың өкілдері, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Екібасова құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі уақытта Өскеменде тарихи оқиғаның куәсі екендерін атап өтті.

- Бұл біздің қаламыз үшін маңызды оқиға, жаңа даңғыл ұлы мемлекет қайраткері, шешен, би, елшінің атын алады, - дейді Майраш Екібасова. - Облыстық соттың да бұл даңғылда орналасуы терең мазмұнды білдіреді. Дәстүрлердің сабақтастығы, ұрпақтың сабақтастығы деген осы болар.

Майраш Шайзадақызының айтуынша, тамыздағы қоғамдық тыңдауларда 23 белгісіз көшелер айтылды. Жыл соңына дейін олардың 20-ы жаңа атау алмақ.

Следующая →