Өскемендіктер Протозанов көшесіндегі талдарды кесуге наразы
Славский атындағы жағалауда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысатры аясында жылдар бойы өсіп тұрған қылқан жапырақтыларды ауыр техникамен құлатуда
Протозанов көшесі бойындағы талдардың тамырымен жұлынып тасталуы халық наразылығын тудырды. Бұнда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, көше кеңейтілмек. Сондықтан жойылған ағаштардың орнына тас жол төгіледі.
- Ағаштар 30 жылға жуық уақыт бойы өсіп тұр. Бірақ оларды аяусыз жойып жатыр, - деді азаматтар. - Үнемі газ бен шаңға булыққан біздің экология үшін кері әсер етпек. Талдарды жоймай, керісінше көбірек отырғызған жөн.
Ал Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер жоба бойынша жаңа қылқанжапырақтылар отырғызылатындығын алға тартады.
Следующая →