Қазақстанда мұғалімдерді жұмысқа қабылдау автоматтандырылады
Қазақстанда мектептерде автоматтандыру, оның ішінде мектеп қызметкерлерін жұмысқа алудың электрондық жүйесі енгізіледі
Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов қазақ мектептеріндегі жаңашылдықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мектеп қызметкерлерін және мұғалімдерді жұмысқа алуда электрондық жүйенің пилоттық жобасы Шымкентте іске қосылған. Вице-министрдің айтуынша, мұндай жүйе мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға көмектеспек.
- Пилоттық режімде қалалық, аудандық және облыстық білім беру бөлімдерінде құжаттарды сертификаттауға беру үшін автоматтандыруды енгіземіз. Бұл тек жұмыспен қамтуға байланысты. Жуықта ғана Шымкентте автоматтандырылған жұмысқа қабылдау жобасы іске қосылды. Осылайша арнайы электрондық жүйе арқылы жұмысқа орналасуды қалаймыз. Біз бұл мәселеге басымдық береміз, - деді ол.