Өскемендіктер қала күнін тойлап жатыр
Қаланың Республика алаңында басталған салтанатты шара кешке дейін жалғаспақ
Ал алаңға құрылған сахнаға жергілікті өнер иелерімен қатар ресейлік әртістер де келіп өнер көрсетуде.
- Өзің білетін, танитын әнді жанды дауыспен орындағанға, оны тыңдағанға не жетсін. Ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Шынайы мерекелік шара болып жатыр, қалалықтардың жақындасуына септігі тиері хақ, - дейді қала тұрғыны Людмила Кратова.
Ал алаңның бір шетінде "Күз тартуы" атты ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нан, балық, ет өнімдері мен жеміс-жидек, көкөністер саудаланды. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесімен қатар өңірдің онаурызшылары жиналған үлкен "Бал жәрмеңкесі" өтіп жатыр.
Ал кешке алаңда құрылған сахнаға Дастан Оразбеков, Әли Оқапов, Зируза, Райым мен Артур сынды қазақ эстрадасының әншілері өнер көрсетпек.