Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің "Император" сауда үйі қала күнін атап өтуде

Сауда кешенінің қызметкерлері мерекеге орай "Қала атмосферасы-2018" атты отбасылық фестиваль ұйымдастырды

Фестиваль аясында концерттік бағдарламалар, түрлі конкурстар өткізілді. Мәселен, "Терраспорт" финтес-клубы бүлдіршіндер мен ересектерге арнап тапсырма берілген байқаулар ұйымдастырды. Ерлер күші мен төзімділігін көрсететін конкурстарға қатысса, нәзік жандылар жылдымдыққа жарысты.

Ал Өскемен қаласының Көшбасшылар клубы балаларға викториналық сауалдар қойып, оқушылардың қала жайлы білімдерін тексерді.

"Император" сауда үйінің ұжымы фестиваль қонақтары арасында лотерея ойнатты. Ең қызығы да сол – лотереядан ұтылған жан болған жоқ, қатысушылардың барлығы жеңді. Лотереяның шарты да қарапайым. Фестиваль өтіп жатқан уақытта, сауда үйіне келген жандар 7000 теңгеден астам ақшаға сауда жасауы тиіс болатын. Ал бас жүлді "Kimex" дүкені тіккен 50 мың теңге болды.

Фестивальге жиналған жандар VISAGE сән салонынан да сыйлықтар алды. Сән салоны бет әрлеу жайлы шеберлік сыныбын өткізді.

Талантты воколист Гүлзада Ажар, "Ва-Банк", MMDance мен Don’t Stop Project би ұжымдары концерт қойды.

- Мереке ұнап жатыр. Ән мен би сондай тамаша! Ортаға шығып, би билегім де келіп тұр, - дейді Татьяна есімді фестиваль қонағы.

Ән мен биге елітіп, ортағы шығып би билегендер көп болды.

- Фестиваль бағдарламасында ересектерге де, қарттар мен балаларға да арналған бөлімдер болды. Біздің ойымыз, ұйымдастырған дүниелеріміз қала тұрғындарының көңілінен шығып жатқаны қуантады, - дейді "Император" сауда үйінің пиар-менеджері Анастасия Рутковская.

Следующая →